Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жолға құм септі

Қарағанды облысының патрульдік полиция батальоны күн-түн дамыл таппай жолда жүр.

Ақсу-Аюлы кентінен облыс орталығына дейін 300-ден астам жүк көлігін полиция бастап жүріп отырған. Кей учаскелерде көлік қозғалысы шектелді. Өйткені ауыр жүк көліктері еңсітен биікке көтеріле алмайды. Алматы мен Астананы жалғап жатқан үлкен жолда қауіп-қатер көп. Сол себепті полиция қызметкерлері арнайы техниканы күтпей, жолға құмды өздері қолмен сеуіп жүр.