Ел өңірлеріндегі демографиялық өсім

Инфрақұрылымдық саясат, демографиялық үрдіске тікелей байланысты. Еліміздің өңірлерінде халық саны әртүрлі қарқынмен өсіп жатыр.

Мамандар ел аймақтарын демографиялық жағдайына қарай үш топқа бөлді. Бірінші топта халық саны ең тез өсіп жатқан өңірлер кіреді. Онда – Алматы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Астана, Алматы мен Шымкент қалалары. Мұнда халық саны көбейіп келеді. Сондықтан мектеп, балабақша, аурухана салып, жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігі артып отыр. Екінші топқа халық саны бірқалыпты өсіп жатқан аймақтар жатады. Олар – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Бұл өңірлерде негізгі мақсат – халықтың табиғи өсімін сақтау және жастардың басқа жаққа көшіп кетуін азайту. Ал үшінші топта халық саны азайып жатқан немесе өсімі өте төмен өңірлер бар. Бұған Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары кіреді. Бұл аймақтарда тұрғындардың көшуі мен туу көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта демографиялық жағдай көші-қон үдерістеріне тікелей байланысты болады.

Қазақстан өңірлерінің демографиялық жағдайы

1-топ – Халық саны ең жоғары өсіп жатқан өңірлер:

Алматы облысы

Атырау облысы

Маңғыстау облысы

Түркістан облысы

Астана қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Халық саны қарқынды өсуде

Инфрақұрылым мен жұмыс орындарына сұраныс жоғары

2-топ – Халық саны тұрақты өсіп жатқан өңірлер:

Ақтөбе облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қызылорда облысы

Табиғи өсім сақталған

Көші-қонды бақылау маңызды

3-топ – Халық саны азайып немесе өсімі төмен өңірлер:

Солтүстік Қазақстан облысы

Қостанай облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Ақмола облысы

Қарағанды облысы

Абай облысы

Жетісу облысы

Ұлытау облысы

Көші-қон деңгейі жоғары

Табиғи өсім төмен