Жаңа Конституция жобасы қоғам назарында. Сауалнама

Жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Конституциялық комиссия мыңдаған отандастарымыздан түскен ұсыныстарды қалт жібермей қараған.

Ата заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға алматылықтар өз пікірін білдірген еді.

Сауалнама:    

- «Конституциялық реформалар болғаны жақсы деп ойлаймын. Себебі ол 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазіргі жаңа заман талабына қарай өзгерістер керек болады».

- «Неше түрлі пікірталастар болып жатыр. Соны оқып, өзім қарап, қазіргі таңда Парламентті күшейтуді қолға алу керек деп ойлаймын».

- «Бұл ең бірінші біздің Ата заңымыз болып есептеледі. Сондықтан оған көзқарасым оң. Өйткені вице-Президент статусы беріліп жатыр. Жалпы Парламент деген сөзді Құрылтай. Бұрыңғы қазақтың ескі дәстүріндегі құқықтық жолындағы негізгі мәселелерді қайта қалыпына келтіргені әрине де оң шешім табады деген ойдамыз».