Қызылордада Конституция реформасы жөнінен коалиция құрылды

Қызылорда облысында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы!» атты өңірлік коалициясы құрылды.

Алғашқы отырысқа саяси партиялар өңірлік филиалдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар және зиялы қауым қатысты. Қоғам белсенділері мен жастар өкілдері де басқасу барысында ой-пікірлерін ортаға салды. Сөз алғандар жаңа Конституция жобасы - елдегі саяси реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Жалпыұлттық коалиция ауқымды қоғамдық алаңға айналды - дейді зиялы қауым өкілдері. Коалиция аясында өңірлік штаб құрылды.

Анар Ізден, облыстық ҮЕҰ альянсының төрағасы:

- Азаматтық қоғам институттарының алдында үлкен бірнеше мақсат бар. Бұл процестің ең бірінші мақсаты халықтың осы конституцияны түсінуіне, барлық сұрақтарға жауап беруге жағдай жасау. Екінші, әділетті, әділ таза референдум өтуіне ықпал ету. Осы референдумның байқаушыларын дайындау. Осы мақсаттарды біз бәріміз бірге саяси партиялармен бірге, қоғаммен бірге атқарамыз деп сенімдімін.

Ибадулла Құттықожаев, қалалық мәслихат төрағасы

- Референдумда бүкіл халықтың қолдауына ие болған кездерде бұл заңды күшіне енеді. Сондықтан да бұған немқұрайлы қарамай, бүкіл қазақстандықтар осы референдумды ойдағыдай өткізуге жұмылуда.