Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы. Сауалнама

Жаңа Конституция жобасында адам құқығын қорғауға баса мән берілген. Әсіресе цифрлық қауіпсіздік мәселесі көпшілік үшін өзекті болып тұр.

«Жеке мәліметтердің Ата заңмен қорғалуы құптарлық іс», - дейді Талдықорған қаласының тұрғындары.

Сауалнама:

- «Цифрлық қоғамда өмір сүріп жатырмыз ғой. Электронды Үкімет дейміз. Қазір енді электронсыз бітпейді. Қауіптенеміз ғой. Деректеріміз тарап кетті. Алаяқтар елдің атынан несие алып қойды деген сияқты мәселелер Конституцияда бәрі көрсетіліп бекітілгелі отыр. Осы өзгерістерге қарап адамдар өз өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік ала-алады деп ойлаймын».

- «Маған сөз бостандығы, діни сенім еркіндігі туралы жазылғаны ұнайды. Құқықтар мен бостандықтар бәрінен жоғары екені көрсетілген. Жаңа Конституциядан мен осыны көремін».

- «Әрқайсымызда жеке бас куәлік бар. Әрайсымызда ұялы телефонымыз бар. Оның бәрі әлеуметтік жүйеде әрқашанда таратылып жатады. Таратылып кеткеннен кейін біз қорқақтаймыз. Осыны Ата заң жүйесіне енгізіп қорғауды адам қаласы қажет етеді».