Қарағандылық жастар жаңа Конституция жобасын талқылады

Карағандылық жастар конституциялық реформаны талқылауға белсенді қатысып жатыр.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сарапшылармен және жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесіп, 15 наурызға белгіленген жаңа Конституция бойынша республикалық референдум туралы әңгімелесті. Кездесу барысында қоғам өкілдерінің қатысуымен әзірленген Ата заң жобасының негізгі ережелері талқыланды. Реформаның басты мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесін ашық әрі тиімді ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін кеңейту. Бұл саяси мәдениеті қалыптасқан, демократиялы және әрі болашақ бағдарымызды айқындауға ұмтылған ел екеніміздің жарқын мысалы, деді жиынға қатысушылар.

Темірлан Серік, жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Қазіргі жаңа Конституция жобасын құрастыруға өзіміздің ҚР азаматтары қатысқан болатын. Сондықтан да бүкіл жағдай қамтылған деп есептеймін. Преамбуласынан бастап көптеген 84 пайызға ауысты құрамы. Әлем бір орында тұрған жоқ, уақытпен қатар жүру керек. Біз өзге елдерден үйренгенше, заманның алдында жүргеніміз дұрыс. Соның бірден бір айғағы жаңа Конститутцияның жобасы.