Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі тексеріліп жатыр

Бұл шара құрамалар мен әскери бөлімдерге жүктелген міндеттерді орындау қабілетін бағалауға бағытталған.

Науқан 19 ақпанға дейін жалғасады. Жиынға Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов арнайы қатысты. Жеке құрам үш күн бойы роталық тактикалық топпен өтетін жаттығу аясында практикалық іс-қимылдарды пысықтайды. Жаттығу жоспарына қарай бөлімшелер елді мекендерді заңсыз қаруланған шартты топтардан тазарту міндеттерін орындайды. Одан бөлек жауынгерлік техниканың жарағы мен атыс қаруынан оқ атылады.