Түркістан облысында заңсыз темекі өнімін өндіргендер ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан 3 жасырын цехтың жұмысы әшкереленіп, толықтай жойылды. Заңсыз өндіріс аумағы 500 шаршы метрден асатын ғимараттардың ішінде ұйымдастырылған. Онда күн сайын 20 адам жұмыс істеген. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылып келген. Заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар және өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Тәркіленген шикізат көлемі шамамен 60 млн дана бір реттік снюс мөлшерін өндіруге жеткілікті болған. Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған екі автокөлікке тыйым салынды.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.