Алтын құны аспандап тұр

Алтын құны аспандап тұр. Ұлттық банктің мәліметіне мән берсек, жыл басында бір грамм бағалы металдың бағасы 89 мың теңгеге жеткен.

Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Алайда, ақпан айында халықаралық нарықтардағы түзетуден кейін оның құны 77 мың теңгеге дейін түсті. Ал осыдан бес жыл бұрын құйма алтынның құны бар болғаны 26 мың еді. 2023 жылы 30 мыңға өсті. 2024-те күрт қымбаттап, бір грамм алтын 43 мың теңгені құрады. Былтыр тағы 63 пайызға өсіп, 70 мың теңгеге жетті. 

2026  жылы – ₸89 мың

2025 жылы – ₸70,9 мың

2024 жылы – ₸43,9 мың

2023 жылы – ₸30,3 мың

2022  жылы – ₸26,8 мың

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- Алтын нарығы қандай дәуір, қандай экономикалық саяси бағыт болмасын тұрақты валюта ретінде өзін дәлелдеп келеді. Былтырғы жылдың өзінде 500 млрд долларға жуық алтын зергерлік бұйымдар сатылған туралы мәлімет бар. Жалпы жыл өткен осы алтынның, оның ішінде алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың сұранысы артып келеді жатыр. Өйткені бірінші кезекте алтынның құны қымбаттаған кезде, сұранысқа байланысқа қымбаттайды. Сұранысты байланыстыратын қарапайым азаматтар. Өсу қарқыны жалғасын табады. Тұрақты түрде өседі.

Иә, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы да қарыштап барады. Әсіресе, неке сақинасының құны 17 ай қатарынан өсіп келеді.  Мәселен, бір жылда алтын жүзіктер 38 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары өсім Алматы, Түркістан, Ақмола облыстарында. Ал арзан алтын сақиналар Жетісу мен Маңғыстау аймағында.