Қарағанды облысында 7 мың үй газға қосылды
Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында 7500 үйге газға қосылады. Бүгінде ұзындығы 270 шақырымға жуық газ желісі тартылған.
Биыл тағы 90 шақырым желі салынып, 30 мыңға дейін тұрғын үйді газбен қамту жоспарланып отыр. Еліміздің ірі қалаларында ауа сапасын жақсарту бағытында жұмыс күшейтілді. Экология министрлігі кәсіпорындарда заманауи әрі қолжетімді технологияларды енгізіп жатыр.Өңір әкімдіктері көмір тұтынуды азайтып, электр көліктерін пайдалану бойынша жұмыс жүргізуде. Қазір атмосфераны ластап тұрған автокөліктен шығатын түтін, жер үйлер мен шағын қазандықтардан шығатын зиянды шығарындылар. Мәселен, Алматыда ауа ластануының шамамен 60 пайызы көлік түтінінен болса, Өскеменде бұл көрсеткіш 57 пайызға жуық.
Диас Қайыркенов, облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Күнгей, Таугүл шағын ықшам аудандары газға қосылады. Бұл жұмыстарға Энергетика министрлігінен 5 млрд қаражат қарастырылған. Бұл ақшаға 4 мыңға жуық абонент, жеке векторлы үй қосылады газға.