Жаңа Конституция жобасы: дамудың жаңа кезеңі. Сауалнама

Жаңа Конституция жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды талдаудың негізінде жасалды.

Онда елді толғандырған біраз мәселеге басымдық берілген- дейді тұрғындар. Соның бірі, мемлекет шекарасының шегенделуі.  Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі орнының бұрынғыдан да анық,  нақты көрсетілуі.  Құжатта білім және ғылым, мәдениет, инновацияларды дамыту мен цифрлық қауіпсіздікке де мән берілген.

Сауалнама:

- «Ата Заңымыздың жаңа жобасында тұңғыш рет мыңжылдық Ұлы дала деген ұғымдар енгізіліп отыр. Бұл сөздердің мағынасы өтре терең. Өйткені осы қазақ халқының, Қазақстан аумағының жалпы территориясының тарихы өте терең. Сонау сақ, ғұн мемлекетінен алып қарасақ, одан бергі Қазақ хандығының құрылуы бар, осы қазақ территориясының аумағында құрылған қаншама бұрынғы мемлекеттер бар, соның барлығының мұрагері ретінде осы қазір Қазақстан мемлекеті танылып отыр. Сондықтан да бұл жерде Ата Заңымызда үлкен өзгерістермен бірге бұл шекарамыздың шегенделуі. Мемлекетіміздің тұтастығы туралы да айқын жазылған. Бұл да біз үшін өте маңызды».

- «Бүгінде айналамызға зер салып қарасақ, мемлекеттік тілде сөйлейтін көптеген этнос өкілдерін көруге болады. Мұның өзі қазақ тіліне деген қажеттіліктің артқандығын түсіндіреді. Сонымен бірге қазіргі қазақ тілі Қазақстандағы түрлі этностардың басын біріктіретін, елді бірлікке шақыратын ең маңызды мәдени құндылыққа айналып отыр. Сондықтан да Ата Заңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі орнының бұрыннан да айқындала түсуі еліміздің болашағы үшін, еліміздегі түрлі этностардың осы ұлттың, Ұлы Дала елінің шаңырағының астына тіптен жиналып, жарқын болашақ жарату үшін аса қажет қадам деп білемін».

- «Енді білім, ғылым, мәдениет жалпы әр елдің дамуында ерекше роль атқарады деп ойлаймын. Менің ойымша, білімді адамдар керек, білімді ұрпақ керек. Ғылымда жаңа идеялар керек жалпы елдің болашағы үшін. Сол үшін бұған басымдық беріліп отыр. Цифрлық инновацияларға байланысты бүгінде біздің мысалға құжат айналымымыз, иә болмаса ақшалай айналымдарымыздың барлығы осы цифрлық деңгейде болып жатқаннан кейін оны бір ерекше деңгейге шығару керек сияқты».

- «Өйткені олар бұрынғы заңда ол айқындалмаса, қазіргі заңда бекітілген болып табылады. Өйткені қазіргі кезде жиілеп кетті осы цифрлық алаяқтардан орысша айтсам сообщениелер келеді. Солардың дереккөздерін нақты цифрлық гигиенаға бекілітгені маған сонымен ұнап жатыр жаңа Конституцияның жобасында. Яғни ол біздің құқығымызды қорғайды деген ойдамын».