Оралда ерекше қажеттіліктері бар балалар кәсіптік білім ала алады

Оралда ерекше қажеттіліктері бар балалар енді кәсіптік білім ала алады.

Қаладағы колледждің бірінде алғашқы оқу-өндірістік комбинаты жұмысын бастады. Онда менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектер "Киім мен аксессуарларды безендіруші" мамандығын игереді. Қазір 14 пен 19 жас аралығындағы 10 адам білім алып жатыр. Алты айға созылатын оқу курсынан кейін қатысушылар мемлекеттік үлгідегі куәлік алады. Мұндай комбинаттар қазір Астана мен Қарағандыда жұмыс істейді. Кәсіптік оқытумен 100-ден астам адам қамтылды.

Гүлмирам Қазиева, қала тұрғыны:

- Ата-аналардың арасында көптен сұраныста жүрген бағдарлама еді. Көп-көп рақмет айтамыз осындай интеллекті бұзылған балаларға болашағына, жақсы маман иесі болуларына өздерінің бағытарына, өздерінің бейімделуіне байланысты осындай колледждің ашылып жатқанына ризамыз біздер ата-аналар атынан.

Самал Әлбілекова, инклюзивті және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Осы 6 айлық оқудан кейін біз осы қатысушыларға әрі қарай тағылымдамадан өтуге немесе жұмысқа тұруға көмектесеміз. Осы 2 жылда 100-ге жуық қатысушы болды жобада. Осы 100 адамның ішінде 30-ға жуық қатысушыларымыз әрі қарай колледжге ресми түрде түсіп студент атануда одан қалды 15 шақты қатысушымыз әр түрлі ккәсіпорындарда тағылдымдамадан өтті және 3 толыққанды жұмысқа орналасқан ерекше жасөспірімдер мен ересектеріміз бар.