Ақтаулықтарға жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Ақтау жұртшылығына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді. Қаланың орталық спорт кешенінде ұйымдастырылған жиынға 4 мыңдай адам қатысты.

«МұзАРТ» тобы өнер көрсетіп, көпшілікті алдағы референдумда дауыс беруге шақырды. Жиында сөз алған сенаторлар жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы роліне ерекше назар аударды. Жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері сөз болды.

Сүйіндік Алдашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:         

- 1995 жылдан бері келе жатқан қолданыстағы Конституциямыз, ол әрине, біздің мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіз мемлекет есебінде аяққа тұрып кетуімізге, осы күнге дейін дамуымызға зор әсерін тигізді. Енді міне, әрі қарай біздегі даму жолын, әлеуметтік тарихи-мәдениеттің, рухани, экономикалық даму жолында бізге бағыт-бағдар беретін өте маңызды құжат деп мен сенемін.