Елде қолма-қол ақша ұстайтындар азайды
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, былтыр 186 трлн теңгенің сауда-саттығы банк карталары, кьюар мен онлайн аударымдар арқылы жасалған.
Бүгінде елде қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 87,2%-ға жетті. Өңірлер бойынша дәл қазір жіктеп айтамын. Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында қолма-қол ақшасыз төлем операциялары 90%-дан асқан. Астана қаласы мен Атырау облысында 85%-дан жоғарылады. Ал Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 80%-дан төмен болса, тізімді Солтүстік Қазақстан облысы түйіндеп отыр.
Алмат Орақбай, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші сарапшысы:
- Осы сараптама нәтижесінде біз 3 қорытындыны негізге аламыз. Біріншіден ол қазіргі уақыттағы қолма-қол ақшасыз транзакциялардың жетілген шағына жетуі. Негізгі себептер біз ойлаймыз бұл қолма-қол ақшасыз транзакциялардың дамуының арқасында ғана деп. Алайда жалпы ішкі сауданың артуы және экономикалық өсіммен бірге бұл қолма-қол ақшамен транзакцияларды және қолма-қол ақшасыз транзакцияларды да арттырғанын көріп отырмыз.
Былтыр елдегі қолма-қол ақшасыз карталық транзакциялар көлемі 186 трлн теңгеге жетті. Ал қолма-қол ақша сомасы 1 жылда 8,6%-ға өсіп, 4,7 трлн теңгеге жеткен. 2025 жылы қазақстандықтар банкомат арқылы 27,3 трлн теңгені шешіп алды. Ел ішінде төлем жасайтын банк карталарының саны 28 млн-ға дейін көбейген.
«Жалпы біз қозғап отырған үрдіс техника мен технологияның дамығанын, банктерде цифрландыру үрдісінің өте жақсы жолға қойылғанын білдіреді», - дейді экономистер. Жалпы сарапшылар электронды төлем жүйесін пайдаланудың 3 артықшылығын айтады. Осы ретте базар аралап, сауда жасаған тұрғындардың пікірін білдік. Қағаз ақша ұстамағаныма 4-5 жылдың жүзі болды деген азаматты да жолықтырдық.
186 трлн теңге сауда-саттығы қолма-қол ақшасыз жасалды
Сарапшылар Қазақстанның банк жүйесінің дамуы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ішінде алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Себебі, бізде банк картасын шығарудың өзі небәрі 5 минут уақытыңызды алады. Тұрғындардың қолма-қол ақшасыз төлем жасауға көшуі алдағы уақытта да осы қарқынмен жалғасады деп болжанып отыр. Өркениетті елдер демекші, Швеция төлемдердің 98%-ын банк карталары мен мобильді аударымдарға толық көшірген. Ал Мьянмада керісінше, төлемдердің 98%-ы қолма-қол қаражат алқылы жасалады.