Ұстаздар пікірі: мектептегі кәсіби бағдардың маңызы. Сауалнама
Жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауы – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінде еңбек нарығында бәсеке күшейіп, талап өзгерген. Осыған байланысты мектеп қабырғасында бағыт-бағдар беру қаншалықты маңызды? Бұл сауалға қатысты мектеп ұстаздарының пікірін тыңдап көрдік.
Сауалнама:
- «Менің ойымша, міндетті түрде мектепте кәсіби бағдар берілу керек. Себебі бала болашағында қандай мамандықты таңдайды, болашақта қандай мамандық иесі болады – сол үшін ол ерте жастан хабардар болу керек».
- «Қажет деп ойлаймын. Көбі қазіргі таңда мамандық таңдаудан қателеседі ғой. Біздің кезімізде ата-ананың айтқанымен баратын едік, қазір кәсіби бағдар қажет деп ойлаймын».
- «Әрине, қажет. Кәсіби бағдар беру сабақтарын 9-сыныптан бастай берген жөн болады деп ойлаймын. Себебі 10–11-сыныпқа барған кезде әрбір бала өзінің болашақ мамандығын нақты айқындауы қажет».
- «Қазіргі біздің жастардың арасында конкуренция өте көп, өмір сүру деңгейі де артып жатыр. Сол себепті жастарға қазірден бастап болашақта қандай дағдылар керек, қандай әдістерді сен үйрену керексің деген пәндерден үйретілуі керек деп ойлаймын».
- «Әрине, қажет. Өйткені оқушылар ерте жастан өз оқу орындарын таңдап, жоғары оқу орындарына дайын болып барады».