ЕАДБ есебінен биыл күн электр станциялары салынады
Биыл Түркістан мен Қызылорда облыстарында екі күн электр станциясын салу жоспарланған.
Бұл өңірлердегі өндірілетін қуат көлемін арттыруға сеп болмақ. Сонымен қатар Өскемендегі Жылу электр орталығын жаңғырту жұмысы биыл жалғасын таппақ. Энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асыру барысы бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтың Еуразиялық Даму Банкінің басшысы Николай Подгузовпен өткен кездесуінде айылды. Жалпы, Еуразиялық Даму Банкі бұған дейін өнеркәсіпті дамытуға 2,1 млрд доллар, энергетика, көлік инфрақұрылымы және қаржы секторына үш млрд АҚШ долларын құйған. Ал оның инвестициялық портфелінде жалпы құны $20 млрд долларға жуықтайтын 326 жоба бар. Соңғы төрт жылда Еуразиялық Даму Банкі қатысушы елдердің экономикасына $9 млрд инвестиция құйса, соның $5 млрд-тан астамы Қазақстанға тиесілі. ЕАДБ басқарма елде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа, инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға ықпал ететінін жеткізді.