Президент Кристина Шумекованы құттықтады
Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандасымыздың үш алтын медаль мен абсолютті Әлем чемпионы атағына ие болуын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады. Президенттің айтуынша, атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті. Сондай-ақ ол Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Отандасымыз Германиядағы Әлем чемпионатында 500 мың және 1 мың 500 метр қашықтықтарда үздік атанып, 3 мың метрде күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ жалпы есепте 156.001 ұпай жинап, айқын басымдық танытты.