Қызылордада Конституциялық реформа талқыланды
Қызылордада Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Басқосуға елге еңбегі сіңген ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Олардың қатарында Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев және мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Икрам Адырбеков бар. Жиында Конституциялық реформаға байланысты жарты жылға жуық уақыт бойы ел көлемінде өткен жалпыхалықтық талқылаулардың маңызы аталып өтті. Түрлі алаңдарда ұйымдастырылған ашық пікір алмасулар қоғамның саяси белсенділігі мен жауапкершілігінің нақты көрінісіне айналғаны айтылды.
Мұхтар Алтынбаев, халық қаһарманы:
- Істеп жатқан істер еліміздің болашағы үшін. Өзгерістерді қолдап, 15 нарузды референдумда қолдағанамыз дұрыс болады деп санаймын.
Икрам Адырбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Жаңа Конституцияның жобасында адам құқықтары мен бостандықтары туралы айқын бәрі бегітілген. Ол әрине, әрбір азаматқа өзін қауіпсіз және сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Осының бәрі халқымыздың болашағына деген сенімін арттырады.