СҚО-да 112 елді мекен бақылауға алынды
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан болжам жасалды. Синоптиктердің мәліметінше, биыл су қоймаларында су қабаты қатты қатып қалған.
Мәселен, өңірдегі ең ірі «Сергеев» су қоймасындағы мұздың қалыңдығы 86 сантиметр. Есіл өзенінде де осындай жағдай. «Бұл күн жылынса мұздың кептеліп, судың көтерілуіне әсер етеді», - дейді мамандар. Болжам бойынша, сеңнің жүруі наурыз айының ортасында басталады. Өңірде су басуы мүмкін деген 112 елдімекен бақылауға алынды. Төтенше жағдайлар қызметі жедел әрекет ету тобын құрған.
Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры:
- Ақпан айында қардың қоры едәуір ұлғайды. Осыған байланысты «Сергеев» су қоймасына 2,6 млрд.текше метр су қабылдайды деп болжанып отыр. Тағы бір алаңдататын жәйт – жердің тоңдану тереңдігі. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда жоғары. Мәселен, Тайынша ауданында жердің қату қабаты бір жарым метрден асып кеткен.