Атырауда киберқылмысқа қарсы орталық ашылды

Атырауда киберқылмыстарға қарсы жедел әрекет ету мақсатында «Anti-Fraud Call Center» колл-орталығы ашылды.

Өңірде жыл басынан бері 200-ден аса киберқылмыс тіркелді. Интернет-алаяқтық өршіп тұр. Салдарынан қаңтар мен ақпан айында атырау тұрғындары 30 млн теңге шығынға батты. Он күдікті ұсталып, 30 іс сотқа жолданды. Ал қалған деректер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Дәурен Мұханбеталиев, Облыстық ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

- Облысымыздағы киберқылмыстардың басым бөлігі интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау және фишингтік сілтемелермен деректерді ұрлау тәсілдерімен жалғасуда. «Кибербақылау» платформасы арқылы 2500-ден астам фишингтік сайт бұғатталды. Байланыс операторларымен бірлесіп жалған нөмірлер анықталып, тұрғындарға SMS-ескертулер жіберілуде.