Ақтауда жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ақтауда өңірлік коалиция мүшелері ұстаздармен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді.
Жиында Ата Заңға енген өзгерістердің мәні, алдағы референдумға қатысудың маңыздылығы айтылды. Мұғалімдер бұл құжатта білім беру саласына айрықша назар аударылғанына ризашылық білдіріп, 15 наурызда өз таңдауын жасауға әзір екенін жеткізді. Ұстаздардың айтуынша, референдум ел болашағына бей-жай қарамайтын әр азамат үшін жауапты сәт. Жалпы өткен айдан бері Маңғыстаудағы коалиция өкілдері 300-дей еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Олардың арасында мұнай, медицина, өңдеу өнеркәсібі және өзге де саланың мамандары бар.
Амангүл Жайылханова, өңірлік коалиция мүшесі:
- Осы кездесуімізге 150-ден астам мұғалімдер қатысты. Басым көпшілігі жастар екен. Қазіргі біздің жаңадан қабылданатын Конституциямыздың жаңа мазмұнының аясында осы жастар жөнінде де айтылған. Білім-инновация жөнінде де айтылған. Біз осы бағыттағы өз ойымызбен бөлістік және оны бүгінгі таңдағы мұғалімдеріміз жақсы қарсы алды.
Любовь Нам, мұғалім:
- Коалиция өкілдеріне алғысымыз шексіз. Өте нақты қадамдарды түсіндіріп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Педагогтердің барлығы қызығушылық танытып, тыңдады. Ендігі өзіміздң бағыттарымыздың бірі қазақ тілі мәртебесіне байланысты. Қаншама ұлтпен дос болсақ та, қаншама тілді білсек те, мемлекеттің тілі қазақ тілі екенін ұмытпауға тиіспіз.