Семейде өрттен 11 адам зардап шекті

Семейдегі сауда үйінде болған өрттен зардап шеккендер саны 11 адам болды. Олардың алтауы – бала.

Сегіз жастағы ер баланың денесін 8 пайыз күйік шалған. Ол қазір Семей медициналық университетінің госпиталіне жатқызылды. Тағы үш бала амбулаториялық ем алып жүр. 7 ересек адамның төртеуі бүйрек орталығы медициналық мекемесіне жатқызылды. Олардың бірі өртенген  орталықтың   қызметкері.Еске сала кетейік,   кеше кешкісін ойын-сауық орталығында өрт шығып, үш мың шаршы метрден астам аумақ жанып кетті. Төтенше жағдай қызметінің 120 адамы мен 23 техникасы жұмылдырылып, өрт үш сағатта сөндірілді. Жедел штаб құрылып, себеп-салдары тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша іс қозғалды.

Жасұлан Сәбитов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Түскен кезде бір азаматшаның жағдайы ауыр болды. Ол сол күні реанимацияға жатқызылып, бүгінгі таңда реанимациядан палатаға ауыстырылды. Бүгінгі таңда барлық науқастардың жағдайлары жақсы. Тиісті емдерін алып жатыр.