Алматыда жолақы төлеу жеңілдейді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеу жеңілдейді. Енді тұрғындар жолақыны Bluetooth, банк картасы және басқа да байланыссыз тәсілдер арқылы төлей алады.

Avtobys бірыңғай цифрлық жүйесі мегаполис маңындағы 7 бағытына енгізілді. Осы мақсатта 84 автобусқа арнайы валидаторлар мен QR-коды бар жапсырмалар орнатылды. Сондай-ақ мобильді қосымша арқылы жеңілдетілген жол жүру билеттерін онлайн рәсімдеу мүмкіндігі бар. Жаңа сервис қазір Қазақстан мен Қырғызстанның 20-дан аса қаласында жұмыс істеп тұр. Алматылықтарға бұрыннан таныс төлем тәсілдері де өзгеріссіз сақталады.

Ғалымжан Шәріпов, компания директоры:

- Жаңа системаның артықшылығы туристерге және басқа қалада тұратын адамдарға жақсы. Кез келген банктің қосымшасын немесе мобильдік операторлардың қосымшасымен төлеуге болады. Біздің система Қазақстанның 23 қаласында жұмыс істейді. Сол жақтан келген адамдар өздерінің карталарымен қалалық карталармен төлей береді.