Елордалықтар жаңа Конституция жобасын қолдады
Елордалық белсенділер жаңа Конституция жобасын қолдады. Жалпыұлттық коалиция мүшелері жиналған қауымға Ата заңдағы негізгі өзгерістерді түсіндірді.
Сондай-ақ қала тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Онда танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мереке күні қыз-келіншектерге жүрекжарды тілектерін арнады.
Арсланбек Мағзұм, Жалпыұлттық коалиция мүшесі, қалалық маслихат депутаты:
- Сахнада Мәжіліс депутатары, қоғам қайраткерлері жаңа Конституция туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. Біздің басты мақсатымыз әр тұрғынымызға жаңа Конституция жобасының оң жақтарын түсіндіру. Сонымен қатар концерт соңында бізде арнайы дрон шоу болады. Ол дрон шоудың аясында ару жандарымызды 8 наурыз мерекесімен құттықтайтын боламыз.