Ақмола облысында тұрақты қан тапсыратын донорлар тапшы

Ақмола облысында тұрақты қан тапсыратын донорлар азайған. Мәселен былтыр өңірде  белсенді жандардың саны 5 мың болса, қазір 2 мыңға да жетпейді.

Сәйкесінше бұл жағдай қан тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Өткен жылы 8 мыңнан астам адам қан тапсырған. Ол аймақтағы 3 мың адамның өмірін сақтап қалды.

Ботагөз Әбеева, Қан орталығы директорының орынбасары:

- Қазір өңірдегі ауруханалардың қанға деген қажеттілігі жоқ деп айта алмаймыз. Оны өтеу үшін күніне кем дегенде 30-40 адам қан тапсыруы керек.  Ораза кезінде, жазғы уақытта донорлар саны күрт кеміп кетеді. Бұл қалыпты жағдай. Бұл тұста тұрақты қан тапсыратын кісілерге хабарласып, амалдаймыз.