Жаңа Конституция жобасы — ұлттық бірегейліктің кепілі

Әр азамат тарихи, мәдени мұраның сақталуына, ескерткіштерге ұқыпты қарауға міндетті.

Жаңа Конституция жобасының 40-шы бабында осылай жазылған. Олай болуы да заңдылық. Себебі өткенге құрмет көрсету, әр адамның тарих алдындағы перзенттік парызы. Мұндай жәдігерлер ұлттық бірегейлігіміздің бір бейнесі. 

Ең алдымен жаңа конституция жобасының преамбуласы толығымен жаңарғанын тілге тиек еткен дұрыс болар. Онда елдің өткенін дәріптейтін, бүгінін бағамдап, болашаққа бағдар болатын ұлттық құндылықтар көрініс тапқан. Мәселен, Парламент атауының Құрылтай деп өзгеруінің өзі өземізге оралудың бір көрінісі болса керек. 

Тереңнен тін тартқан төл тарихымыз жаңғырып, ұмыт болғанымыз ұлт жадында жаңғырады. Жаңа конституция жобасында "Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарының бірі - тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау" деп анық жазылған. Бұл тарих беттерін тереңдетіп зерттеуге, мәдени мұраларды ғылыми деңгейде насихаттауға, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға мүмкіндік бермек.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кей біздің алыс болсын, көршілеріміз, "Қазақта бұрын мемлекеттігіміз болмаған, мемлекеттік енді ғана КСРО құрылғаннан кейін ғана болған" деген жалған әңгіме естіген болатынбыз. Осындай түрлі ғалым сымақтарға жауабымыз осы. Тіпті преамбуладан бастап конституцияда біздің қазір мың жылдық тарихи тамырымыз бар екенін көрсетіп отырмыз.  

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге. Ата заңның екінші бабы, алтыншы тармағында осылай делінген. Бұл да ұлттық бірегейлігіміздің бір көрінісі. Себебі әр егемен мемлекеттің өзіндік заңы, тілі мен ділі болатыны секілді ұлттық валютасы да белгілену керек. Сол секілді тіл тұғыры да анық айтылуы парыз. Тоғызыншы баптың, бірінші тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі,- делінген.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біріншіден, біз елімізді көрсетіп, мына өзіміздің тарихымызды құрметтеп, оны кім екенімізді, қайдан келгенімізді көрсетіп отырмыз. Бір тарапынан. Екінші тарапынан, біздің ұлтымызды, елімізде амбициямыз бар, яғни біз бұл дүниеде жай тек ғана өткен заманды ғана еске алмай, болашаққа, біздің жастарымызға оларды жаңа технологияларға үйретіп, елімізді жаңа деңгейге даму бойынша мақсат беріп отырмыз. 

Әр азамат өзге ұлт өкілдерінің таңдауына, олардың ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға міндетті. Мұны да Ата заң айқындайды. Мәселен, 22 баптың, екінші тармағында, Әр адамның ана тілі мен төл мәдениетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар - делінген. Сонда ұлтына қарамастан әр қазақстандық тең. Заң мен сот алдында да барлығы бірдей құқықта.

ЦИТАТА:

Жаңа Конституция жобасы

16-бап

1. Заң мен сот алдында бәрi тең.

2. Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды. ))

Қазақстандықтардың діни көзқарасына да шектеу қойылмаған. Жаңа конституция жобасында дін мемлекеттен бөлек деп жазылған. Тек діни ұйымдардың жұмысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіргенде, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында тоқтатылуы мүмкін.