Наурызнама: бүгін — Қайырымдылық күні

Қазақ елі кешелі бері Наурыз мейрамын бастап кетті.

Дәстүрлі «Наурызнама» онкүндігінің Қайырымдылық күні референдуммен қатар келді. Қайырымдылық күні – жақсылықтың жарығын жағатын, адам баласын мейірім мен ізгілікке шақыратын күн. Бірі мұқтажға қол ұшын созады, бірі жүрек жылуын бөліседі. Қайырымдылық – Наурыздың рухы, халықтың кең пейілінің көрінісі. Наурызнама осылайша жалғасын табады. Ертеңгі күн – Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күні. Ал 17 наурыз – Шаңырақ күні. Әр күннің өз мәні, өз өнегесі бар. Осылайша Ұлыстың ұлы күні 23 наурыз Тазару күніне дейін жалғаспақ.

Айбек Досымбетов, «Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің» жетекшісі:

-Біздер енді волонтерлік қызметпен жұмыс жасағаннан кейін екеуі – егіз ұғым. Көбінесе қайырымдылық пен волонтерлік жұмыс қатар жүреді. Сондықтан осы қайырымдылық ұйымдары өз деңгейінде волонтерлардың көмегімен қайырымды істерін жүзеге асырып жатыр. Өткен жылы, мәселен, 300 мыңнан астам волонтер тартылған. Яғни бұл дегеніміз республика бойынша осы қайырымдылық бағыты бар экологиялық, әлеуметтік, медициналық бағыт бойынша волонтерлар атсалысып, қызмет көрсетіп келе жатыр.