Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дауыс берді

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгінгі референдумда өз таңдауын жасады.

Ол елордадағы №129 учаскеде дауыс берді. Бұл жерде 2 352 дауыс беруші тіркелген. Таңғы сағат 07:00-ден бастап азаматтар келіп, таңдауларын жасап жатыр.