Бокстан ұлттық құрама мүшелері дауыс берді
Бокстан ұлттық құрама мүшелері де референдумге қатысып, дауыс берді.
Ел мақтаныштары қазір Түркістан облысының Төле би ауданындағы спорттық базада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Олардың арасында Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Даниял Сапарбай, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар бар. Әлемдік додаларда ел мерейін асқақтатып, халықтың зор қошеметіне бөленген былғары қолғап шеберлері ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Боксшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі маңызды. Сондықтан олар халықпен бірге елдің ертеңіне сеніммен қарап, референдумге қатысуды азаматтық парыз деп санайды.
Төрехан Сабырхан, әлем чемпионы:
- Бүгін біз ҚР бокстан ұлттық құрама командасымен келіп, өз дауысымызды бердік. Дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймыз. Қазақстан еліміз мәңгілік жасасын.
Айбек Оралбай, әлем чемпионы:
- Бүгінгі маңызды күнде өз таңдауымды жасадым. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын. Еліміздің болашағы жарқын болсын.