ҚР министрлері дауыс берді

Ертелетіп министрлер кабинеті өз таңдауын жасады. Ведомство басшылары өздері тіркелген аумақтардағы учаскелерге барып, дауыс берді.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгінгі референдумда өз таңдауын жасады. Ол елордадағы №129 учаскеде дауыс берді. Бұл жерде 2 352 дауыс беруші тіркелген. Таңғы сағат 07:00-ден бастап азаматтар келіп, таңдауларын жасап жатыр.

Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:

- Жаслан Мәдиев те елден ерте референдумда өз таңдауын жасады. Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі жаңа Конституция бойынша республикалық референдум елдің болашағына қатысты маңызды саяси оқиға екенін атап өтті. Алғаш дауыс бергендер қатарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бар. Одан бөлек Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да таңмен таласа учаскеге келді. Ғылым және жоғары білім министрі де республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Саясат Нұрбек бүгін еліміздің болашағы қалыптасып жатыр. Елдің ертеңі - бәріміздің ортақ таңдауымыз, - деді. Қаржы министрі Мәди Такиев те өзі тіркелген учаскесінде дауыс берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев референдумда өз таңдауын жасады. Министрлер қазақстандықтарды саяси науқанда қалыс қалмай, референдумға қатысуға шақырды. Сондай-ақ Шыңғыс Әрінов, Ақмарал Әлназарова, Ерсайын Нағаспаев, Нұржан Нұржігітов өз сайлау учаскелерінде дауыс берді.