Дауыс берушілердің белсенділігі
Cонымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 млн 126 мың 850 азамат дауыс беру бюллетенін алды.
Бұл тізімге енгендердің 73,24 пайызы. Көш басында Қызылорда облысы тұр. Онда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 93,04 % өз таңдауын жасаған. Одан кейін Ақтөбе облысының тұрғындары белсенді. Көрсеткіш - 87,05%. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан түйіндейді. Мұнда азаматтардың 86,42% референдумға қатысты. Ал Алматы тұрғындарының 33,43% таңдау жасады. Жалпы дауыс беру тізіміне 12 млн 461 мың 796 азамат енгізілді.