Референдум күні 585 сәби дүниеге келді

Елде республикалық референдум күні 585 сәби дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 310-ы ұл, 275-і қыз.

Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 әйел босанды. Оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді.