Президенттік жастар кадр резервіне қызығушылық артып келеді
Бұны былтыр өткен төртінші іріктеу кезеңінен көреміз. Егер 2019 жылы аталған бағдарламаға 13 мың азамат қатысуға ниет білдірсе, 2025 жылы олардың саны 32 мыңға жетті.
Резервке алынған 450 азаматтың 337-сі бүгінде түрлі салаларда еңбек етіп жатыр. Нәтижесінде резерв 6 бағыт бойынша 50 салалық білікті маманмен толықты. Өңірлік кадр резервтерінде де өсім бар. 538 резервшінің 260-ы жаңа лауазымдарға тағайындалып, олардың 193-і жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметке орналасты. Сондай-ақ 735 үздік түлек конкурстан тыс ауылдық және аудандық деңгейдегі лауазымдарға қабылданды. Агенттік 964 жоғары лауазымға конкурссыз тағайындауды келісіп, 20 пайызға жуығы квазимемлекеттік және жеке сектор өкілдері болды.