Газ жарылысының қаупі жоғары өңірлер

Апат айтып келмейді.

Айтылған себептердің қай-қайсысы болсын, қауіпті. Әсіресе газ баллоны жарылса – зардабы қаншалықты ауыр болатынын Щучинскідегі оқиға еске салды. Алайда, халықтың тұрмыстық газ баллонынан мүлде бас тартпайтыны белгілі. Осы ретте баллондарды көп қолданатын өңірлерге жеке тоқталсақ. Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарында халық ас-суын көмір пеш, электр пеші мен газ баллондарының көмегімен әзірлейді. Сол сияқты газ тартылмаған Павлодар, Қарағанды өңірлері бар. Ақмола облысындағы тұрғындардың төрт пайызына ғана көгілдір отын тартылған.  Қостанай облысындағы елді мекеннің тек 17 пайызы газ құбырына қосылған. Сонымен елдегі 7 облыста газ тартылмағандықтан, халық электр пеші мен тұрмыстық газ баллонын қолдануға мәжбүр. Бұл өңірлердегі дәмхана-мейрамханалардың қаншауы газ баллонын қолданады? Нақты стаститикаға қол жеткізу мүмкін емес. Бірақ дәл осы өңірлерде қауіптің жоғары екені анық.