Елордада заманауи киіз үй тігілді
Бас қаладағы Есіл ауданында заманауи киіз үй тігілді. Сегіз қанат ақ үй «Заң мен тәртіп» тақырыбына арналған.
Онда кірген қала тұрғындарына робот-ит, дрон-полицей таныстырылып, «Тазабек» кейіпкері қызмет көрсетеді. Одан бөлек, робот, VR-көзілдіріктер және интерактивті экрандар орнатылған.
Есіл ауданындағы ЕХРО аумағында 8 қанат ақ үйдің бірі «Заң мен тәртіп» тақырыбына арналған. Наурызнама онкүндігі басталғалы жастар саясаты жылда осындай киіз үй тігеді. Мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік және салауатты өмір салтын тұрғындарға кеңінен насихаттау.
Анара Мурзабаева, «Астана жастары» ЖРО» КММ Медиа және PR бөлімінің басшысы:
- Бүгінгі мерекеде осындай киіз үйді жасау идеясы келді. Біз ұлттық құндылық пен қазіргі заманды қалыптастырып, киіз үй жасауды шештік.
Бүгін бұл киіз үйде киберқауіпсіздік пен есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша дәрістер өткізілді. Қала тұрғындарына қазақ және орыс тілдеріндегі интерактивті викториналар ойнатылды. «Заң және тәртіп» бағыты бойынша тестілеу мен «Вейпті спорттық құралға айырбаста» әлеуметтік акциясы өтті. Сондай-ақ робот-ит пен дрон-полицей таныстырылды.
Дәуіржан Жұмахан, «Астана жастары» ЖРО» КММ маманы:
- Жастар өздерінің қарапайым құқықбұзушылықтар көп жасайды. Солар үшін қандай заң қарастырылған. Соған сәйкес біз тест сұрақтардың құрастырдық. Ең көп дұрыс жауап бергендер сыйлық алады.
Заң мен тәртіп – мемлекет тұрақтылығының мызғымас негізі. Президенттің бұл бастамасы – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Авторлары: Әлішер Әли