Астанада «Жеті қазына» голографиялық көрмесі ашылды
Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында «Жеті қазына» атты голографиялық көрмесі ашылды. Онда қала қонақтары мен тұрғындарына қазақ халқының құндылықтары бейнеленген бейнеөнімдер ұсынылды.
Бұл – елдің берекесі мен қуатының, рухани мұрасының символдық негізі, - дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ келушілерге мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық болмысымыз ұлықталып, тереңнен тін тартқан төл тарихымыз жаңғырды. Жеті қазына көрмесінде халқымыздың жеті құндылығы көрініс тауып, келушілер көшпенділер өмірінің көрінісін тамашалады. Мұның бәрі 12 метрлік лед экран арқылы көрсетілді.
Сұраған Рахметұлы, Астана қаласының тұрғыны:
- Ғажайыптардың барлығы есте қалуы керек. Бүгінгі концерт, концерттегі жасалған дүние, мынау бас қаладағы атқарылып жатқан жасампаз істердің бәрі тәуелсіздіктің ерекшелігіне, елдің қуанышына, барлығына ортақ дүние деп ойлаймын.
«Көрме AI Наурыз жобасын айшықтай түсіп, мерекенің көркін кіргізді. Жаңа инновациялардың мәдени мұраны жаңаша танытудағы мүмкіндігін көрсетті», - дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ астаналықтарға арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда ұлттық тағам түрлері ұсынылды.
Мақсат Жанабаев, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары
- Наурызнама аясында Наурызды тойлап жатырмыз, Наурыз Экспо орталығында өтіп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бүгін үлкен ауқымды жәрмеңке болып жатыр. Жәрмеңкеге ҚР түкпір-түкпірінен ең мықты өндірушілер келіп отыр. Одан бөлек, далада бізде гастрофестиваль болып жатыр. Ол жерде палау, наурыз көже бәрінің дәмін татсаңыздар болады.
Бас-аяғы бас қалада «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр. Олардың қатарында жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары бар.
Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы