Астанадағы Наурыз тойы. LIVE

Табиғат жаңарып, тіршілік қайта жанданатын, жасампаздықтың бастауы болған Әз-Наурыз мейрамы елорда төрінде айрықша атап өтіліп жатыр.

Дүбірлі думанның бірі "Қазақ елі" монументі алаңында ұйымдастырылған. Есілдің жағасындағы жұрт бүгін ертемен келіп, ұлыс күнін ұлықтаған түрлі бағдарламаны тамашалауда.