Шымкентте дәстүрлі төл өнер ұлықталды
Шымкентте Наурыз мейрамында дәстүрлі төл өнер төрге шықты.
Орталық алаңда ұлттық аспаптардың үні күмбірлеп, дәстүрлі әндер ұлықталды. Сахнада жергілікті саз өнерінің шеберлері әннен шашу шашты. Қазақ халқының алтын қорындағы классикалық күйлер мен термелер, халық әндері мен аспаптық туындылар орындалды. Мерекелік сахна озық технологиялардың көмегімен ұлттық нақышта безендірілді. Мультимедиалық көріністермен әз-Наурыздың айбыны асқақтап, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ мультимедиалық қазақы киіз үйлер мен алтыбақан тұрғызылып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар қайта жаңғырды. Ұлттық ойындар ұлықталды.
Дәлел Қожабеков, Алматы қаласының тұрғыны:
- Біраз болды осы жерде қыдырып, демалып жүргенімізге. Оркестрмен ұлттық әндеріміз де ұлттық аспаптарымызбен біраз артист өнер көрсетіп, ән-күйлер ойнап жатыр. Қазіргі таңда мына қазақ тілі дамып, көтеріліп келе жатқан кезде құлаққа өте жағымды және жүрекке кәдімгідей әсер етіп жатыр.