Елордалық тәртіп сақшылары қызметтік киімін шапан мен тақияға алмастырды

Осылайша тәртіп сақшылары Наурыз мейрамын ерекше форматта қарсы алды. 

Сарыарқа ауданындағы полиция департаментінің ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Әсіресе арқан тарту, асық ату және гір тасын көтеру бойынша тарысты бәсекелер өтті. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Спорт жарысы концерттік бағдарламаға ұласты. Ұлттық тағамдармен дастарқан жайылды. «Дәл осы шараны алдағы жылдары да тұрақты ұйымдастырып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуіміз керек және өскелең толқынға үлгі болуымыз қажет», - дейді басқарма бастығы Данияр Аралбайұлы.