Сырдарияның жағасы тазаланды
Қызылордада Наурызнаманың қорытынды күні «Мөлдір бұлақ» акциясы басталды. Игі шараға белсенді жастар, табиғат қорғаушылар, су шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер жұмылды.
Олар Сырдария өзенінің жағалауын тазалады. Өңірде 200-ден астам су айдыны тазаланады. Сонымен қатар су арналары ретке келтіріліп, бітеліп қалған бұлақтардың көзі аршылады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара Арал теңізі маңында да ұйымдастырылмақ.
Нәжмадин Шамұратов, «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы:
- Біз қазір су шаруашылығы мекемесі Арал, Жаңақорған, Шиелі аудандарынан басталған 38 шақырымның үстінде арықтарды, каналдарды тазалау, оның әрі қарай дұрыс деңгейде жұмыстарының жүргізілуін үйлестіру бағытында шараларды бастап кеттік. Қазір соның межеленген жұмысымыздың 80–85 пайызын үйлестіріп жұмыс жасадық.