Әскерилер экологиялық акция өткізді
Әскерилер де «Тазару күніне» атсалысты. Қарулы күштердің сарбаздары ағаш отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Мәселен, Сабыр Рахимов атындағы Әскери колледжде іс-шараға оқытушылар мен тәрбиеленушілер қосылды. Мұндай игі істер қоршаған ортаны сақтаумен қатар патриоттық құндылықтарды нығайтады. Әрі туған жерге деген жауапкершілікті арттыра түсетінін әскерилер ерекше атады.