Елімізде көктемгі су тасқынына дайындық жалғасып жатыр

Кешенді жоспар аясында гидрологиялық жағдайға мониторинг жасалып, инженерлік жұмыстар пысықталады. 

Қауіптің алдын алудағы тағы бір маңызды шара – мұз жару. Қазір су айдындарында барлығы 191 жарылыс ұйымдастырылды. 31 мың метрден аса мұз кесілді. Ал өңделген учаскелердің жалпы ауданы 561 мың шаршы метрді құрайды. Әсіресе Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай секілді өзге де тасқын қауіпі жоғары аймақтарда дайындық қызу. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар көктемгі кезеңде, елді мекендерді қызыл судан, аман алып қалуға сеп.