Азық-түлік алғанда қай елдің өнімін таңдайсыз?|Сауалнама
Бүгінде еліміз 300-ге жуық елмен сауда-саттық қарым-қатынасын орнатқан. Оның ішінде азық-түлік бойынша импорттық тауар үлесінің басым бөлігі Ресей, Белорусь, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Пәкістан елдеріне тиесілі.
Ал пияз, сәбіз, картоп, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, балық, ет өнімдері бойынша отандық өндіріс көлемі ішкі нарықты толықтай қамтуға қауқарлы. Дей тұрғанмен, шекара маңындағы аймақтарда баға алшақтығы айқын байқалатындықтан, көршілес ел өніміне сұраныстың жоғары екені даусыз. Ал елордалықтар азық-түлік аларда қай елдің өніміне басымдық береді? Тұрғындар пікіріне құлақ түрейік.