Павлодарда «Taza Sana» интеллектуалдық сайысы өтті

Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясының биылғы кезеңі «Taza Sana» атты интеллектуалдық сайыспен басталды. 

Экологиялық тақырыпқа арналған викторинаға, табиғат мәселелеріне бей-жай қарамайтын студенттер қатысты. Сайыс барысында қатысушылар тек білімдерін сынап қана қоймай, логикалық ойлау қабілеттерін де көрсетті. Олар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық проблемаларды шешу жолдары туралы тың идеяларын ортаға салды. Жастардың пікірінше, мұндай шаралар экология мәселесін терең түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

Артём Граблёв, «Taza Sana» викторинасын ұйымдастырушы:

- «Таза Қазақстан» акциясын тек аула сыпырып, тал егу деп қабылдамауымыз керек. Бірінші кезекте өскелең ұрпақтың, жастардың бойында тазалық пен тәртіп ұғымын, қоршаған ортаға құрмет сезімін қалыптастыруымыз керек. Бүгінгі шара көрсеткендей, арамызда экология проблемасына мән беретін, оларды шешуге үлес қосуға ынталы жастар жетерлік. Бұл – өте қуантарлық жайт.