Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді
Бүгін елде «Жер сағаты» акциясы өтеді. Науқан аясында сағат кешкі сегіз жарымда бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.
Бұл жайлы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары мәлімдеді. «Байтерек» монументі, «Астана Опера», «Әзірет Сұлтан» мешіті мен Тәуелсіздік Сарайы секілді нысандарда да жарық өшеді. Осылайша, қатысушылар электр энергиясын үнемдеп, экологияға оң әсер етуге үлес қосуға үндейді. Қазақстанмен қатар жыл сайын әлемнің өзге де елдері жаһандық акцияға атсалысады. Науқанға 180 мемлекеттен 7 000 қаланың тұрғындары қатысады. Жалпы акцияға 2 млрд-тан астам адам қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, ал Қазақстанда 17–ші рет өтеді.