Түркістан облысында суға кеткен бала іздестіріліп жатыр
Түркістан облысында суға кеткен баланы іздеу жұмыстары әлі нәтижесіз. 7 жастағы бала 23 наурыз күні Келес өзініне құлап кеткен.
Қазір өзен бойын барлық құзырлы органдар мен еріктілер шарлап жүр. Сүңгуірлер су астымен 900 метр аумақты қарап шықты. Сырдария өзеніне дейінгі аралық түгел тексерілген. Үздіксіз дрон ұшырылады. Іздеуге кедергі болмас үшін Қазығұрт ауданында шлюздің жұмысы тоқтатылды. Өзбекстанға тиесілі «Зах» каналының шлюзі де жабылған.