Маңғыстау облысында Түрікменстанға барар жол жөнделіп жатыр
Маңғыстау облысында Қазақстан мен Түрікменстанды жалғайтын маңызды автожол жөнделіп жатыр.
Жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын күрежолды қалпына келтіру жұмыстары өткен жылы басталған. Биыл жолдың тең жартысын аяқтау жоспарланған. Жоба аясында тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр. Жұмысшылардың барлығы – жергілікті тұрғындар. Айта кету керек, Қазақ-түрікмен арасындағы күрежолды жаңғырту жобасы тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет қолға алынып отыр. Аталған жол инфрақұрылымы 2027 жылға дейін толық жаңартылып, халықаралық көлік дәлізіне айналмақ.
Қанат Сатыев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
- Қазіргі кезде бірінші кезеңдегі жер жұмыстары толықтай бітті. Соның қапталында айналма жолы дайын тұр. Қазір төсеу жұмыстары басталды. «Қара щебень» дейміз, соның 11,8 шақырымы дайын тұр. Биылғы жылдың аяғына дейін 25 шақырымы толық бітеді. Бұл жол Түркіменстанмен, арғы жағында Иранмен тауар айналымын көбейтеді. Сосын туристік аймақтарымыз бар.