Отырарда тасбақалар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Өйткені егістік кезінде жәндіктерді соқаның тісі сойып кетуі мүмкін.
Бұл бастаманы инвесторлар мен еріктілердің қолдауымен «Тасбақа» табиғатты қорғау қоры қолға алды. Бір апта ішінде 3 мыңнан астам тасбақа құтқарылып, тіршілік етуге қолайлы ортаға орналастырылған. Бұл жұмыстарға шамамен 50 адам мен 6 арнайы техника тартылған. Экологтар мамыр айына дейін 100 мың гектар егістік алқабын тексеріп, тасбақаларды көшіру жұмыстарын жүргізе бермек.
Ғани Назарбек, "Сырдария-түркістан" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері:
- Жаңадан игеретін алқаптарда тасбақаларға әртүрлі техникалық зияндар тиюі мүмкін. Ол жерде олардың қоректік базалары кемиді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянын тигізуі мүмкін. Сол себепті оларды көшіру міндетті. Біздің қазіргі көшіріп жатқанымыз сол тасбақа, жылан, кесірткелердің түрлері. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.