Мемлекеттік билік органдарының анықтамалығы жарық көрді

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары» атты анықтамалық жарық көрді.

Үш жылдан астам уақыт бойы дайындалған көлемді еңбек елдің тәуелсіздік жылдарынан бастап бүгінгі институционалдық реформаларға дейінгі мемлекеттік басқару құрылымының эволюциясын көрсетуге арналған құжаттық хроника. Анықтағыш 800 беттен, үш тараудан тұрады. Бұл – Президент Архиві дайындаған серияның төртінші басылымы. Бұған дейін 2004, 2007 және 2012 жылдары үш нұсқасы жарық көрді. Жаңа басылым барлық алдыңғы буындарды біріктіріп, 1991-2024 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Дайындауға Президент Архивінің мамандарымен қатар түрлі мемлекетік орган өкілдері атсалысты. 

Қайрат Әлімғазинов, ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары:

- Бұл идея мемлекеттік органдардың тарихын, құрылымын, тоқсаныншы жылдан бері қалай дамыды, қандай мемлекеттік органдар құрылғанын, барлығын қамтып, Президент Архивінің деректерін, құжаттарының негізінде мұндай жинақты көпшілікке жүйелі түрде үлкен тиражбен қазақ, орыс тілінде бірінші рет жинап отырмыз.