12 мың жас баспаналы болды
Осы уақытқа дейін 10 мың жас жалға берілетін баспана бағдарламасының игілігін көрді.
Олар айына небәрі 5 мың мен 15 мың теңге аралығында пәтерақы төлеп, жылдар бойы тұрғын үймен қамтылды. Бұл жайлы Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сондай-ақ ол өңірлік ипотекалық несиелердің тиімділігіне тоқталды. Бүгінде 17 аймақта 12 мыңға жуық жас маман жаңа пәтер иесі атанды. Оның 1,6 мыңнан астамы – жалға берілетін тұрғын үй жобасының қатысушылары. Сондай-ақ жас азаматтар «Отау» және «Наурыз», «Наурыз Жұмыскер» республикалық бағдарламалары арқылы баспаналы болды. Бүгінгі таңда барлық мақұлданған өтінімдердің 62%-ы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі.